17
ноябрь
2022
Өмір ағашы. Менің шежіремнің тарихы
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназияда «Бала құқығы – адам құқығы», онкүндігі аясында іс – шара жоспарына сай, әр жеткіншектің өз жеті атасының шежіресін зерттеп білуіне, ізденуіне, сол арқылы жанұясының, ата – бабасының өткеніне, тарихына көз жүгіртуге, оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, оқушының құқығы мен міндетін меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шеше білуге үйрету мақсатында 9-11 сыныптар арасында "Өмір ағашы. Менің шежіремнің тарихы" тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.