Медициналық білім негіздері » «Школа-гимназия №50 N50 мектеп гимназия» КММ
Коммунальное государственное учреждение
Школа-гимназия №50
"имени Ахмета Байтурсунова"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 21-33-29
Бухгалтерия
+7(7252) 21-33-29
Версия для
слабовидящих
» » Медициналық білім негіздері
02
июнь
2025

Медициналық білім негіздері

 Медициналық білім негіздері
А. Байтұрсынов атындағы № 50 мектеп-гимназиясында 10-сынып қыздар арасында жыл сайынғы дәстүрлі 5 күндік оқу-дала жиыны өтіп жатыр! Бұл іс-шараның басты мақсаты – болашақ аруларымызды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуге үйрету және алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру. Оқу-дала жиыны аясында мектеп медбикесі Б. Абитаева қыздарға "Медициналық білім негіздері" бойынша жан-жақты теориялық және практикалық білім беріп, алғашқы медициналық жедел жәрдем көрсету қағидаларымен таныстырды. Практикалық бөлімде оқушылар түрлі жағдайларда көмек көрсетуді үйреніп, алған білімдерін нақты іс жүзінде қолданып көрді. Қорытындылай келе, оқу-дала жиыны қыздарымыздың өмірлік маңызы бар дағдыларды меңгеруіне үлкен септігін тигізіп, өз-өзіне сенімділіктерін арттырып, ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін шыңдады. Еліміздің ертеңі — білімді де батыл аруларымызға әрқашан сенеміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив