АДАЛ АЗАМАТ » «Школа-гимназия №50 N50 мектеп гимназия» КММ
Коммунальное государственное учреждение
Школа-гимназия №50
"имени Ахмета Байтурсунова"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 21-33-29
Бухгалтерия
+7(7252) 21-33-29
Версия для
слабовидящих
25
сентябрь
2025

АДАЛ АЗАМАТ

 АДАЛ АЗАМАТ
АДАЛ АЗАМАТ: ОТБАСЫ, МЕКТЕП ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҮНДЕСТІГІ - ЖАҢАРТЫЛҒАН ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ 🔰Бүгін 17 қыркүйек күні “Адал азамат”: отбасы, мектеп және қоғам үндестігі - жаңартылған тәрбие бағдарламасы” тақырыбында республика көлемінде брифинг өтті. 🔰Брифингке спикер ретінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Қалмақов Ерлан Болатұлы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Вице-президенті Тәңірбергенова Анар Шынболатқызы қатысты. 🔰Қалмақов Ерлан Болатұлы - «Алғаш рет бұл бағдарлама жекеменшік мектептер үшін де міндетті болмақ. Бұл тәрбие жұмысының ел көлемінде бірізді стандартпен жүргізілуіне және барлық оқушылар үшін тең орта қалыптастыруына мүмкіндік береді. 🔰Өңірлерде жекеменшік мектеп мұғалімдеріне арналған оқыту семинарларының сериясы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда 800-ге жуық жекеменшік мектептен 23 мыңнан астам педагог оқытумен қамтылды» – деп атап өтті. 🔰Жаңа тәрбие моделі: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы еліміз бойынша барлық білім беру ұйымдарына енгізілді. ⚜️Маңғыстау облысы бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды: ✅Бағдарлама аясында мектептерде тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылуда; ✅Ата-аналармен бірлескен жұмыстар іске қосылды; ✅Преподавателиге арналған әдістемелік қолдау және тәжірибе алмасу алаңдары құрылды. 🔰 Бұл бастама – жас ұрпақтың бойында отбасылық құндылықтарды, патриоттық сезімді, адалдық пен әділдікті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. ⚜️Брифингте бағдарлама туралы мазмұнды ақпарат пен құнды пікірлерімен бөліскені үшін алғыс білдіреміз. ҚР Оқу-ағарту министрлігі/ Министерство просвещения РКBirtutas Tarbie Ерлан Қалмақов Анар Танирбергенова
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив