20
сентябрь
2022
Мектеп Асханасы
«Мектеп Асханасы»
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында ыстық тамақ қыркүйек айынан бастап қолға алынып, жұмыс жүйелі жүргізілуде. Асхана қызметкерлерінің жұмысын санитарлық –эпидемиологиялық талаптардың сақталуына брокераж комиссиясының тексеруі аптасына бір рет жүргізіліп отырады. Күнделікті таңертең мектеп әкімшілігі мен медбикесі асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдардың дайындалу технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақталу мерзімдері мен жағдайларын үнемі қатаң қадағалауда. Асхана тамақтану залында қол жууға арналған жағдайлар көрінетін және қолжетімді жерлерде орналастырылған. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп отыратын болады.