11
октябрь
2022
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және жасөспірім қыз балалар арасында ерте жүктіліктің алдын алу
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ахмет Байтұрсынов атындағы
№50 мектеп гимназиясында салауатты өмір салтын қалыптастыру және жасөспірім қыз балалар арасында ерте жүктіліктің алдын алу бойынша 7-8сынып қыз балаларымен мектеп медбикесі Абитаева Бақытжамал, мектебіміздің әжелер алқасы төрайымы Баратова Айжамал апа, ДТІЖО Жамбулова Ұлжан, педагог- психолог Бекжігітова Айнұрдың қатысуымен жиналыс өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын сақтауға, жат әдеттерден аулақ болуға, зиянды әдеттерден қорғануға дағдыландыру. Мектебіміздің әжелер алқасының төрайымы Баратова Айжамал апа қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшырамауы үшін, жаза қадам баспау үшін қыздарына түрлі талап қойғанын атап өтіп, қыздарға әдепті,ар-ожданы пәк болу, сабырлы-салмақты болу, өжет, батыл, намысты , ақыл-парасатты болу керектігіне ерекше тоқталып өтті.
Медбике Абитаева Бақытжамал қыздарға жеке бас гигиенасы жайлы, жасөспірім қыздар арасында өтпелі кезеңде ағзадағы өзгерістер кезінде денсаулық күтімі және жеке бас тазалығы жөнінде толық түсіндіріп өтті.ДТІЖО Жамбулова Ұлжан қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат бере отырып, қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, имандылық, тазалық қасиеттерін , әдепсіздік пен азғындық жолдан сақтанудың алдын алу жолдарын түсіндірді.
Мектеп психологі Бекжігітова Айнұр "Қыз тәрбиесі- ұлт болашағы" тақырыбында баяндама оқып, жасөспірімдердің ерте есеюіне кері әсер ететін факторларға тоқталып өтті. " Ойнап жүріп от басқан" нақыл сөзін жете түсіндірумен қатар "Қызды қырық үйден тыю" сөзінің төркініне түсінік берді. Қыз балаларға жастайынан арын сақтау, бұл ұрпақ өрбітуге айрықша ықпал ететінін, сезімді ақылға жеңдіру төңірегінде психиологиялық кеңестер берді.