15
ноябрь
2022
Құқықтық сабақтары-өмір сабақтары
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп гимназияда "Бала құқығы-адам құқығы" атты Республикалық онкүндігі аясында оқушылардың адам құқығы оның ішінде адам құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру мақсатында әлеуметтік педагог А.Тазабекова мен 5г сынып жетекшісі А.Исмайлова бірлесе "Құқықтық сабақтары-өмір сабақтары" атты тренинг сабақ ұйымдастырып өткізді. Тренинг Б.Момышұлы "Азамат-жолы ар жолы" деп айтқандай, ешкімнің ала жібін аттамау, өз құқығын білу, өзгенің құқығын бұзбау, қылмыс жасамау, білім мен тәрбие берген ұстаздарға жаман сөз келтірмеу, ата - ананы және досты құрметтеу төңірегінде өрбіді.