09
февраль
2023
Профориентация және әлеуметтік желі. Жасөспірім қызығатын контент
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында ақпан айының 09.02.2023ж 9 сынып оқушылары арасында "Профориентация және әлеуметтік желі. Жасөспірім қызығатын контент" тақырыбында тренинг сабақ өткізілді. Тренинг сабақты кәсіптік білім беру педагогы Кәдірхан Ақерке жүргізді. Мақсаты-мамандық таңдау маңыздылығын жеткізу. Таңдау пәні, қызығушылықтарды ортақтастыру, хоббилар бойынша айту, балл бойынша жеткізу, университет таңдау, университет туралы факттар, шолу, мүмкіншіліктер, мобильность, жатақхана, студент көзқарасы, сұранысы жоғары мамандықтар, өзіндік тәжірибесі туралы айтып жеткізді. Тренинг ортасында “Психогеометрия” сергіту сәтін, кәсіптік бағдар бойынша викториналық ойындар жүргізді. Оқушылар соңында мамандық таңдау өте жауапты іс екендігін, өйткені таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы екенін түсіне білді.