Психологиялық көмек көрсету » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Психологиялық көмек көрсету
30
январь
2023

Психологиялық көмек көрсету

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы  №50 мектеп-гимназиясының 10 "Г" сынып оқушылары А.Медетбекованың жетекшілігімен жастар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету арқылы өз мүмкіндігіне деген сенімділікті қалыптастыру. Қобалжу, стресс және де ерік-жігерлік қасиеттерді дамыту сияқты психологиялық құбылыстардың алдын-алу мақсатында Отбасылық кітапхана және  Жастар ресурстық орталығының  ұйымдастыруымен өткізілген  жастар мен жасөспірімдердің мазасыздық деңгейін диагностикалау арт- терапиялық, аппликациялық, психологиялық, семинар-тренингіне қатысты. Тренинг барысында, «Инновациялық білім беру орталығының» директоры сондай ақ «Ізгілікте жарысайық қоғамдық қорының» атқарушы директоры- Боранбаев Алтынбек Сырайылұлы проблема ретінде жастарда көп табылатын тұлғалық ерекшеліктер: сенімсіздік, қорқақтық, жалқаулық, сенгіштік, күмәншілдік. Қарым-қатынасқа байланысты проблемалар: қарым-қатынас жасау дағдысының жеткіліксіз болуы, адамдармен тіл табыса алмау, тұйықтық. Оқу, еңбек іс-әрекетіне қатысты проблемалар: сәтсіздікке бой алдыру, ерік-жігердің жетіспеуі, отбасындағы әр-бір адамның рөлі қандай болу керек секілді  мәселелер жайынды әңгімеледі. Іс-шараға  Жастар ресурстық орталықтың психолог маманы Сайдахан Жібек Мұратқызы қатысты.
Ашық әңгіме форматында өткен семинарда, оқушылар психолог маманына сұрақтарын қойып және өз ойларын айтты.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив