27
август
2022
Ұлттық мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістеме бірлестігінің отырысы
Шымкент қаласы А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының ұлттық мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістеме бірлестігінің 2022-2023 оқу жылына жоспарланған кезекті отырысы 25 тамыз күні өткізілді.
Отырыста әдістеме бірлестік жетекшісі Баратова Калдыкыз Жарылкаповна мұғалімдерге 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хатымен, жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныстырды.
Және де әдістеме бірлестігінің мұғалімдері Куанова Зәуре мен Джанысбаева Мадина қалалық тамыздық педконференциядан алған ақпараттармен бөлісті, қозғалған мәселелерді талқылып, ұзақ, қысқа мерзімді жоспарларды электронды үлгіде де, қағаз үлгісінде де қолдануға болатынын айтты.
Мұғалімдер өзара жаңалықтар барысын талқылап, отырыс нәтижесінде көкейлерінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап ала алды.