27
август
2022
Бастауыш мектепте олимпиядалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері
Шымкент қаласының әдістемелік орталығы 2022 жылдың 26 тамыз күні, «Zerdeli International School Shуmkent» халықаралық мектеп базасында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, оқушылардың олимпиадаға дайындаудың басты бағыттарын үйрету және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Бастауыш мектепте олимпиядалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбында тамыз кеңесі аясында сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті. Тамыз кеңесіне математика ғылымының магистры, 20 шақты оқу құралдарының авторы, үздік педагог, «Зерделі ақыл ой дамыту» мектебінің директоры Ырысбек Маулен мырза жаңалықтармен бөлісті. Семинар барысын көптеген жаңалықтарды бойымыз мен ойымызға сіңіріп, білімізге білім қосып, жақсы әсерде қайттық.
Талапты мұғалімдердің талпыныс білдірген ниеттеріне қол ұшын созып, мектеп ұстаздарының білімін жаңғыртып, кәсіби дағдысын арттыруға қолдау көрсеткен «Zerdeli International School Shуmkent» халықаралық мектеп әкімшілігіне Рысбек Мәуіт мырзаға зор алғысымызды білдіреміз.