06
декабрь
2022
Жастарды девиантты мінез-құлықтан арылту жолдары
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында жасөспірімдер мен жастар арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған іс-шара жоспарына сай, жастар арасында өзекті мәселе ұрлық, бұзықшылық, зорлық-зомбылықтың, девиантты мінез-құлықтағы жастардың көбеюінің алдын алу мақсатында педагог-психолог С.Каратаева "Жастарды девиантты мінез-құлықтан арылту жолдары" тақырыбында 9 сынып оқушылары арасында тренинг-жаттығу ұйымдастырып өткізді. Тренинг-жаттығу барысында оқушылардың бойына айналасындағы іс-әрекетінің заңға сәйкестілігін қадағалау қабілетін қалыптастыру, жеке тұлғаның ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту жолдары қарастырылды. Оқушылар тренинг-жаттығуға белсене қатысып өз көңіл-күйлерімен бөлісті.