12
сентябрь
2022
Отбасы күні
А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында отбасы күніне орай қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасын, ата-ана, туыстарын бағалау, құрметтеу сезімдерін кеңейту, ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында ұйымдастырылған іс- шараға "Сенімен Болашақ " республикалық ата- аналар қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы филиалының психолог тренерлері Туранова Гулжаш Курманалиевна, Асқарова Айжамал Тұрғанбекқызы қатысып, Қазақстанның әрбір баласының әл-ауқатын арттыру үшін қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосып,ата-аналардың белсенділігін арттыру, бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту,отбасы құндылықтарды насихаттау,бала тәрбиесі,денсаулығы,қауіпсіздігі және де басқада өзекті мәселелер бойынша әсерлі ой қозғады.
Педагог-психолог А.Бекжігітова психологиялық тренинг ұйымдастыру арқылы ата- аналарға қолдау көрсетті.
Өткізілген психологиялық тренингтің маңызы мен мазмұны өте ерекше болды. Ата-аналардың отбасындағы бірлігі мен ынтымағын, сыйластығы мен құрметін арттыруға бағытталған психологиялық тренингтің қорытындысында ата-аналар алған әсерлері мен түйінді ой- пікірлерімен бөлісті.