15
сентябрь
2022
Мектептегі психологиялық қызмет!
Мектептегі психологиялық қызмет!
5- сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі бойынша оқушыларға және ата- аналарына психологиялық қолдау көрсету мақсатында оқушыларға сауалнама жүргізіліп, ата- аналарға ұсыныстар мен кеңестер берілді.
Сауалнаманың нәтижесінде төмендегі екі белгі анықталады.
1. ОҚУШЫНЫҢ 5- СЫНЫПҚА СӘТТІ БЕЙІМДЕЛУІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ
- жасөспірімнің оқу үрдісіне қанағаттануы
- туындаған мәселе бойынша сынып жетекшісіне , пән мұғалімдеріне еркін сұрақ қоя алуы..
2. БЕЙІМДЕЛЕ АЛМАУ СЕБЕПТЕРІ:
- Жасөспірімнің оқу бағдарламасын меңгеруде қиналуы
- Күн тәртібінің сақталмауы
-Өзін нашар сезінуі туралы жиі шағымдары
- Жасөспірімде мазасыздық, тынышсыздықтың пайда болуы.
Бастауыш сыныптан орта буынға сәтті адаптациялануына ата - ананың баласын қолдап отыруы өте маңызды. Психологиялық қолдау мақсатында тренинг жүргізіліп, ұтымды ұсыныстар мен кеңестер берілді.
15.09.2022ж