16
март
2023
САПАЛЫ БІЛІМНІҢ ЖАҢА ИДЕЯЛАРЫ:ТӘЖІРБИЕ, НӘТИЖЕ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен "Сапалы білім" жобасы аясында А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында 16.03.2023 күні «САПАЛЫ БІЛІМНІҢ ЖАҢА ИДЕЯЛАРЫ:ТӘЖІРБИЕ, НӘТИЖЕ» тақырыбында қалалық тәжірбиелік семинар өтті. Семинардың мақсаты: Білім беру сапасын арттыру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін тиімді қолдану. Жаңа идеяларды ендіру тәжірбиесімен бөлісу, нәтижеге жету.
Осы мақсатқа жету барысында бастауыш сынып, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдері өз тәжірбиелерімен бөлісті. ШҚӘО бөлім басшысы Ж.А.Арысбаеваның және мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдері Л.Кенжебаева, Т.Игнатьева, химия пәні мұғалімі Э.Байғұт, биология пәні мұғалімі Г.Алтынбекова, физика пәні мұғалімі А.Бимурзаева, информатика пәні мұғалімі Ж.Ахайдарова, тарих пәні мұғалімі А.Амзеева ашық сабақтары өтті. Сапалы білім берудің жолдары мен тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісу мақсатында М.Ахмедова, Д.Сугиралиева, Қ.Баратова және қазақ тілі әдістеме бірлестігі Г.Раманкуловалар коучингтер және А.Кәдірхан дебат ұйымдастырды. Жоғарыда аталған мұғалімдер оқытудың түрлі әдістерін тиімді қолданды, өз сабақтарына жаңа идеяларын ендіріп, тәжірбиелерімен бөлісті. Семинарға қатысқан қонақтар семинардың өз дәрежесінде өтуіне ат салысқан Ж.П. Сарсенбаева басқарып отырған А.Байтұрсынов атындағы №50 меткеп-гимназия ұжымының мұғалімдеріне үлкен ізденістері мен қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, еліміздің ертеңі, дамыған елдермен иық тіресіп, тереземізді тең ұстап,әлемдік бәсекеде үкілі үмітімізді ақтайтын ұрпақ тәрбиелеуде мол шығармашылық табыстар тілеп кетті.