«АҚСУ» және «ГАВАЙИ» жазғы сауықтыру лагерлері » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «АҚСУ» және «ГАВАЙИ» жазғы сауықтыру лагерлері
07
июль
2023

«АҚСУ» және «ГАВАЙИ» жазғы сауықтыру лагерлері

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов  атындағы №50 мектеп-гимназиясының оқушылары қала сыртындағы «АҚСУ» және «ГАВАЙИ» жазғы сауықтыру лагерлерінде  көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларынан 114 бала
демалып қайтты. Лагерге барған демалушы оқушыларды медбике тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізді. Жазғы лагерде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмаған. Арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша балаларға бес мезгіл тамақ берілді. «Бала күлкіге тоймас» дегендей, балалар көңілді демалып, жанын әнге, сылдыр күлкіге тойдырып, әртүрлі іс-шаралар мен спорттық ойындарға қатысты. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өтілді. Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсады. Оқушылар ән айтып, би билеп, демалыс лагерінің жұмысын қыздыра түсті.  Балалардың  демалуына барлық жағдайлар жасалған. Қайсысымен әңгімелессең де, жаз мезгілін жыл сайын асыға күтетінін, лагерге келу арқылы көп дос табатынын, түрлі іс-шараларға қатысып, көңіл көтеретінін айтып мәз-мейрам болды. Осылайша балаларымыздың әр күні мәнді де сәнді өтті! Мектебіміздің басшысы Жанар Сарсенбаева және әлеуметтік педагог  А.Тазабекова бірнеше рет лагерге барып балаларымызды көріп қайтты. Лагердің санитарлық жағдайын, асханасын, ас мәзірін, сонымен қатар балалардың жатын бөлмелерін көріп, лагердің күн тәртібімен танысты. Балаларымыздың  жазғы демалысы қызықты, көңілді өтіп, балаларымызда, ата-аналарда риза болып, алғыс білдіруде.

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив