21
апрель
2023
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында “Туған өлкем “ фестивалін өткізу туралы іс-шаралар жоспары аясында, 7 «К» сынып оқушылары сынып жетекшісі Т.Марченко, география пәнінің мұғалімі Н.Туякованың жетекшілігімен Ұлы Жібек жолындағы Отырар, Сайрам, Түркістан сынды ежелгі қалалар мәдениетінен бүгінгі тәуелсіздік жылдарына ұласқан, халықтың ежелден желісі үзілмей келе жатқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, өнері мен тұрмыстық бұйымдарымен және 2,5 мың жылдық тарихымен таныстыру мақсатында Шымкент қаласында орналасқан "Тарихи-өлкетану" мұражайына саяхат жасап, оқушыларды музей тынысымен таныстырып қайтты. Оқушылар өлкеміздің тарихы және көне жәдігерлермен танысып, пайдалы мәліметтер алып, керемет әсермен қайтты.