19
апрель
2023
Ғаламтордан сақтану
Құрметті қала тұрғындары! Қазіргі таңда заманауи технологиялардың дамуына байланысты интернет-алаяқтық жайттарының да саны артуда.
Осы орайда, Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері сақ болуларыңызды сұрайды.
Алаяқтар ғаламтор арқылы түрлі жарнамалар таратып, адамдарға сенімсіз сілтемелер жіберіп ақшаны еселеп беруге уәде етеді. Немесе екінші деңгейлі банктер мен ірі компанияларға инвестиция салу арқылы тез арада қаржыңызды көбейтуді ұсынады.
Осы тектес алаяқтыққа тап болмас үшін, өзіңіздің жеке деректеріңізді, ұялы телефонға түскен смс-кодтарды бөгде адамдарға ұсынбау қажеттігін ескертеміз.
Сақ болыңыз және өзіңізден жақсы ешкім сіздің мүлкіңіз бен жинақтарыңызды сақтай алмайтынын ұмытпаңыз!