АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
27
март
2023

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін мектептерінде оқу бағдардамаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығы  негізінде жүзеге асырылады.
А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясына 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүргізіледі. 
1-сыныпқа 6 жастағы және ағымдағы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
 Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру екі тәсіл: көрсетілетін қызметті беруші арқылы "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) қағаз түрінде жүзеге асырылады.
 Қажетті құжаттар тізімі; 
Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын заңды тұлғалар)
Өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) 
Баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама № 063/у нысан және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысаны
Баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуреті
Мекен-жайымыз: Тұран ауданы,  Ә.Мангельдин көшесі-41
 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив