15
март
2023
Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогы А.Тазабекова мен мектеп асханасының бас аспазшысы Д.Ахметова «Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі» тақырыбындағы тәрбие сағатында 5ә сынып оқушыларына дұрыс тамақтану жайында пайдалы ақыл-кеңестерін берді. Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі, үздік білімнің бастамасы. Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу керек. Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болуы қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтау керек екендігін түсіндірді.