Досболайық » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
ноябрь
2025

Досболайық

 Досболайық
А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында «Досболайық» бағдарламасы аясында 9–10 сынып оқушыларына зорлық-зомбылықтың, құқықбұзушылықтың, буллинг пен кибербуллингтің, сондай-ақ суицидтің алдын алу мақсатында кең ауқымды түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шараға: 🔹 Мектеп директоры — Ж. Сәрсенбаева 🔹 ДТІЖО — Е. Нұрметов 🔹 Ұ. Жамбулова 🔹 Шымкент қалалық полиция басқармасының ҚҚБ ҚТІЖ УПИ қызметкері, қатардағы полицей — Жанатұлы Абдутаңат 🔹 Шымкент ҚПД Тұран АПБ ҚҚБ КТІЖ учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты — Есенбаева Жансая Балабековна қатысып, оқушылармен маңызды профилактикалық әңгіме жүргізді. Іс-шара барысында: 🔹 буллинг пен кибербуллингтің түрлері, олардың психологиялық және құқықтық салдары түсіндірілді; 🔹 әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, жеке ақпаратты қорғау, онлайн мәдениет ережелері айтылды; 🔹 зорлық-зомбылық пен құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары және жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі түсіндірілді. Мақсат: ✨ оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру; ✨ қауіп-қатерді тану және алдын алу дағдыларын қалыптастыру; ✨ қауіпсіз және қолайлы мектеп ортасын нығайту. Балалардың қауіпсіздігі — баршамыздың ортақ міндетіміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив