05
апрель
2022
Еркін күрес жеңімпазы, 2021-2022 оқу жылы
Жаны жақсы ағаның
Етегін баспа, жолын қу.
Болайын деген баланың
Бетін қақпа, белін бу,- деген керемет мақал бар. Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Шалбай Әли Нұрдәулетұлы жастайынан спортты сүйіп өсіп келеді. Ол сабағына да, жаттығуына да жауапкершілікпен қарап, тынбай еңбек етуінің арқасында еркін күрестен бірнеше рет жарыстарда жетістіктерге қол жеткізді. Алғашқы спортқа деген қадамын Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылынан бастаған 6 жасар күрескерімізді дайындаған жаттықтырушысы Бегимов Ғалымжан болса, қазіргі таңда Сыздықбаев Бегжан жаттықтыруда. Әлидің інісі Нұрдәулетұлы Ислам да ағасының жолын қуып жеңістің алғашқы тұғырынан көрініп, Шымкент қаласының намысын қорғауда. Әли мен Исламның болашақта Қазақ елінің намысын қорғайтын Қажымұқан атасындай чемпион атанатынына сеніміміз мол.