29
март
2022
Инклюзивті білім беру және үйде оқыту бойынша ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге педагогикалық- психологиялық қолдау қызметін ұйымдастыру, 2021-2022 оқу жылы
А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы
Инклюзивті білім беру және үйде оқыту бойынша ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге педагогикалық- психологиялық қолдау қызметін ұйымдастыру мақсатында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Жакипованың жетекшілігімен мектепішілік семинар өткізілді. Педагог-психолог А.Бекжігітова ерекше білім беруді қажет ететін балалардың топтары бойынша толығырақ мағлұмат беріп, мұғалімдерге балаларды оқытуда жеңілдетіліп берілетін тапсырмалар туралы қосымша ақпараттар беріп өтті. Семинар барысында мұғалімдер сабақ өтудегі өздерінің әдіс- тәсілдерін ортаға салып, тәжірибе алмасты. Семинар соңында педагог- психолог оқушының танымдық әрекетін / есте сақтау, зейін/ дамытуға арналған " Төрт құбылыс", " Қарлығаш-Қаршыға" жаттығуларын мұғалімдермен бірге орындап, сергіту сәтін ұйымдастырды.