29
март
2022
PISA Халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми функционалдық сауаттылығын дамыту, 2021-2022 оқу жылы
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында 29.03.2022ж "PISA Халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми функционалдық сауаттылығын дамыту" тақырыбында математика пәні мұғалімдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. PISA-15 жастағы оқушының құзырлылығының даму деңгейін анықтауға арналған диагностикалық құрал болғандықтан, мектебіміздегі әріптесіміз Абильдаева Л. осы жастағы балалармен жұмыс істеудегі өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Стамбекова Р. , Марченко Т. әріптестеріміз болса, оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын ашық және жабық күйінде берілетін логикалық тапсырмалармен таныстырды. Бірлестік мұғалімдері айтылған мәселелерге қатысты өз ойларын білдіріп, болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты етіп тәрбиелеу-басты бағытымыз деген қорытындыға келді.