2026 жылғы ақпан айының директор жанындағы кеңес » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2026 жылғы ақпан айының директор жанындағы кеңес
27
март
2026

2026 жылғы ақпан айының директор жанындағы кеңес

 2026 жылғы ақпан айының директор жанындағы кеңес
2026 жылғы ақпан айының директор жанындағы кеңес отырысы өткізілді. Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында өткен кеңесте оқу-тәрбие процесінің өзекті мәселелері қаралды. Атап айтқанда, қаңтар айындағы қаулылардың орындалуы, оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау, оқу және математикалық сауаттылықты қалыптастыру бағытындағы жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар үлгерімі төмен оқушылармен жүргізіліп жатқан жеке жұмыстардың барысы, жаратылыстану-математикалық және эстетикалық пәндердің оқытылу деңгейі, вариативті бөлім сабақтарының сапасы қарастырылды. Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабақтарының ұйымдастырылуы, үйірме және секция жұмыстарының жағдайы сараланды. Кеңес барысында «Болашақ» оқушылар ұйымы мен «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарының жұмысы, сондай-ақ электронды журналдың толтырылу сапасы бойынша жауапты мамандардың есептері тыңдалды. Жиын қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге жоспарлар айқындалды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив