18
февраль
2026
Маңызды тәрбиелік кездесу өтт
Маңызды тәрбиелік кездесу өттДос болайық
Маңызды тәрбиелік кездесу өтті Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында 9–11 сынып оқушылардың қатысуымен «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңдар» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жиналысы өткізілді. Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Рауан Мұхитұлы қатысып, жастарға зайырлы мемлекет қағидаттары, діни сенім бостандығы, заң талаптарын сақтау және теріс ағымдардың алдын алу мәселелері бойынша мазмұнды ақпарат ұсынды. Жиналыс "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізіліп, оқушылардың құқықтық және рухани сауаттылығын арттыруға бағытталды. Кездесу барысында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты әрі түсінікті жауаптар алды.