18
февраль
2026
1–11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді
1–11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілдіДос болайық
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А. Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназиясында 1–11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібін талқылау, құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 📌 Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды: • ІІ тоқсан қорытындысы, оқу үлгерімі мен тәртіп мәселелері; • Құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы жауапкершілік; • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық пен парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру; • Жолда жүру ережесін сақтау, оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау; • Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік, интернеттегі қауіп-қатерлердің алдын алу. Жиналыс барысында ата-аналарға жан-жақты ақпарат беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ата-аналардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Балалардың қауіпсіздігі мен сапалы тәрбиесі – мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті екені атап өтілді. Жиналысқа қатысқан барлық ата-аналарға алғыс білдіреміз.