18
февраль
2026
Адал азамаt
Адал азамаДос болайық
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы «Заң және тәртіп» қағидаты аясында📚🚔🚨 Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназиясында 9-10 сынып білім алушылары арасында құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг пен кибербуллингтің, интернет алаяқтық (“дропер”), сондай-ақ, нашақорлықтың алдын алу және оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, кешкі уақыттағы жұмыс және жасөспірімнің қалыптасуы мақсатында жиналыс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесуге қатысты: Мектеп директоры- Ж.Сәрсенбаева, ДТІЖО-Е.Нурметов, Шымкент ҚПД Тұран АПБ ҚҚБ ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Турлыбаев Максат Базарбаевич, Шымкент ҚПД Тұран АПБ ҚҚБ ЮПБ УПИ полиция майоры Саятов Минур Саятович. 🔑 Жиналыста қозғалған негізгі тақырыптар: Құқық бұзушылықтың салдары және оның болашаққа әсері; Мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау міндеті; Түнгі уақытта ата-анасыз жүрудің заңға қайшылығы; Нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу; Интернет алаяқтықтың алдын алу; Буллинг және кибербуллинг мәселелері. 🎯 Мақсат: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, әрбір жасөспірімді жауапкершілігі жоғары, тәртіпті азамат ретінде тәрбиелеу. 📌 Есте сақтайық! Құқықты білу – өзімізді және жақындарымызды қорғаудың ең мықты құралы. Әр оқушы қоғамда да, мектепте де тәртіпті азамат болуы тиіс! 🚸 ✨ Біліммен ғана емес, тәртіппен де озатын ұрпақ болайық!