Қысқы демалыс » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
январь
2026

Қысқы демалыс

 Қысқы демалыс
Қысқы демалыс – оқушылар үшін тек тынығу ғана емес, жаңа дағдыларды меңгеріп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға берілген тамаша мүмкіндік ❄️✨ Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында қысқы демалыс кезіндегі оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес қолөнер бағытында шеберлік сабақтары өткізілді. Шеберлік сабақтарының басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, ұлттық қолөнерге қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру және бос уақытын пайдалы әрі мазмұнды өткізу. Сабақ барысында оқушылар өз қолдарымен түрлі бұйымдар жасап, жаңа идеялармен бөлісіп, шығармашылыққа деген құлшынысын арттырды. Мұндай іс-шаралар балалардың ынтасын оятып, өнерге деген сүйіспеншілігін нығайта түсті
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив