19
декабрь
2025
Қоғам қауіпсіздігі
Қоғам қауіпсіздігі
Қоғам қауіпсіздігі — әр адамның жауапкершілігі! Бүгінгі цифрланған заманда жастардың қауіпсіздігі мен тәрбиесі — ең маңызды мәселе. Қылмыстың алдын алу, нашақорлықтан бойды аулақ ұстау, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу — бәріміздің ортақ міндетіміз. Қылмыс — болашағыңды бұзатын бір қадам!Қауіпсіздік ережелерін сақтау, өз құқықтарыңды білу, бөтен адамдарға сенбеу — қылмысқа ұрынбаудың негізгі жолы. Әр адамның саналы таңдауы қоғамдағы тәртіп пен тыныштықты қалыптастырады. Бір сәттік қателік – өмірлік өкінішке айналуы мүмкін. Нашақорлық — өмірді улайтын дерт!Есірткі адамды денсаулықтан ғана емес, арманнан, болашақтан айырады. Нашақорлыққа жол ашатын жалған достық, уақытша қызығушылық пен қызық көру — ең қауіпті тұзақ. Өзіңді сыйла — деніңді сақта. Болашағыңды қорғайтын бірден-бір жол — есірткіден аулақ болу. Буллинг — адамның жанын жаралайтын зорлық!Әзілдің шекарасы бар. Біреуді қорлау, мазақ ету, жерге ұру — бұл ойын емес, бұл зорлық. Буллингке жол бермеу — сана мен мәдениеттің көрсеткіші. Кішкентай сөз — біреудің үлкен жарасы болуы мүмкін. Кибербуллинг — экран артындағы қауіпті күш! Интернет — еркіндік кеңістігі, бірақ жауапкершіліксіз орта емес. Бір жазба, бір пікір, бір жалған ақпарат біреудің өмірін бұзуы мүмкін. Әлеуметтік желіні қару емес, білім мен мейірімнің алаңына айналдырайық. Пиротехникалық заттар — жанған кезде жарық, дыбыс, от немесе түтін шығаратын арнайы бұйымдар. Оларға фейерверк, петарда, ракетка сияқты заттар жатады. Олар әдемі көрінгенімен, өте қауіпті болуы мүмкін. Пиротехника — қызықты, бірақ қауіпсіздікті талап ететін зат. Әрқашан сақ болу — ең маңызды міндет! Бірлік — қауіпсіз қоғамның кілті! Біз болашақты бірге орнатамыз. Әр жас – біздің ертеңіміз. Өзімізді, достарымызды, қоғамды қорғау — саналы шешімнен басталады. Қылмысқа – қарсы. Нашақорлыққа – жоқ. Буллингке – ыңғай берме. Кибербуллингке – жол жоқ!