Суды, энергияны, тамақты үнемдеу – болашаққа жауапкершілік » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Суды, энергияны, тамақты үнемдеу – болашаққа жауапкершілік
17
декабрь
2025

Суды, энергияны, тамақты үнемдеу – болашаққа жауапкершілік

 Суды, энергияны, тамақты үнемдеу – болашаққа жауапкершілік
2025 жылдың 24 қараша күні А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында оқушылардың экологиялық санасын арттыру және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу мақсатында «Суды, энергияны, тамақты үнемдеу – болашаққа жауапкершілік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында оқушылар су, электр энергиясы және азық-түліктің адам өміріндегі маңызы, олардың шектеулі әрі құнды ресурстар екендігі туралы ақпарат алды. Әлемдегі ресурс тапшылығы мен ысырапшылдықтың салдары жөнінде бейнематериалдар көрсетіліп, оқушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылды. Сабақ соңында оқушылар ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын ұсынып, «Болашақ үшін үнемдейік!» атты ортақ үндеу қабылдады. Бұл тәрбие сағаты оқушылардың табиғатқа жанашырлықпен, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға өз үлесін қосты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив