Анар Болатбекқызы зейнеткерлікке шықты » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Анар Болатбекқызы зейнеткерлікке шықты
26
ноябрь
2025

Анар Болатбекқызы зейнеткерлікке шықты

 Анар Болатбекқызы зейнеткерлікке шықты
Құрметті Сейтбекова Анар Болатбекқызы! 🌷 А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының 40 жылдық ғұмырын үздіксіз ұстаздыққа арнаған ардақты ұстазымыз Сейтбекова Анар Болатбекқызы зейнеткерлікке шықты. 👩‍🏫 Ұстаздың білім беру саласына сіңірген еңбегі — өлшеусіз, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі — баға жетпес. 🌺 Тіл жанашыры ретінде жазған еңбектері республика көлемінде таралып, көптеген мамандардың кәсіби шыңдалуына және білімдерін арттыруына зор септігін тигізді. Сіз үшін бұл жылдар – жай ғана еңбек емес, тұтас ғұмыр, мектеп тарихындағы жарқын із. Сіздің тәлім-тәрбиеңізді алған шәкірттер бүгінде әр салада ел игілігіне қызмет етуде. Бұл – ұстаздың ең үлкен жетістігі, ең үлкен бақыты! 🌟 Зейнет демалысыңыз жаңа өмірдің бастамасы, тынығу мен шабыттың, отбасылық жылылықтың кезеңі болсын. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен береке тілейміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив