Ұлттық бірыңғай тестке дайындық » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлттық бірыңғай тестке дайындық
23
октябрь
2025

Ұлттық бірыңғай тестке дайындық

 Ұлттық бірыңғай тестке дайындық
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында 11 сынып білім алушыларымен ,,Ұлттық бірыңғай тестке дайындық” туралы тестілеу орталығының сарапшы мамандары: 🔹 Алимбетов Женис Нурмаханович – сарапшы 🔹 Сыпабек Қасымхан Сайлаубекұлы – аға сарапшы кездесу өткізді. Кездесуге оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары У.Куралбаева, сондай-ақ ата-аналар мен мұғалімдер қатысты. Сарапшы мамандар оқушылармен ашық әңгіме жүргізіп, ҰБТ-ға дайындық, уақытты тиімді пайдалану, тестілеу мәдениеті, тестке кірген кездегі тәртіп ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Алимбетов Женис Нурмаханович мақсат қою мен жүйелі дайындықтың маңыздылығын атап өтсе, Сыпабек Қасымхан Сайлаубекұлы тест құрылымы мен нәтижелерді талдау тәсілдері жөнінде пайдалы ақпарат берді. Кездесу соңында оқушылар сарапшыларға өз сұрақтарын қойып, маңызды ақпараттар мен кеңестер алды. 🎓
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив