08
сентябрь
2025
1-ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІ 📖
1-ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІ 📖
1-ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІ 📖 ⚜️⚜️А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында “Мектебім-мейірім мекені” атты 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Мектеп директоры Ж.Сарсенбаева жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Салтанатты жиынға Шымкент қаласы, қаржы басқармасының басшысының орынбасары Асқаров Жандос Ниязбекұлы, Шымкент қаласы, білім басқармасы, әдістемелік орталығының әдіскері Абдалиева Жайна Құрбанбекқызы қатысып, ыстық лебіздерін білдірді. Мерекелік жиында бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, мерейлі мектебіне деген жыр шумақтарын арнады. Білім күніне арналған салтанатты жиыны мектебімізге биылғы жылы жаңадан салынып, пайдалануға берілген жаңа ғимараттың ашылу салтанатымен жалғасты. Облысқа белгілі, айтыскер-ақын Жолдыкожаев Айбол Семенбайұлы мектеп ұжымына, шәкірттерге ыстық лебізін білдіріп, білім шаңырағына арнау айтты. Жаңа ғимараттың лентасын қию рәсімі Шымкент қаласы, қаржы басқармасының басшысының орынбасары Жандос Ниязбекұлы мен Шымкент қаласы, білім басқармасы, әдістемелік орталығының әдіскері Жайна Құрбанбекқызына ұсынылды. Мерекелік іс-шара қонақтары жаңа ғимараттың ішімен танысып, тамашалады. Сағынышпен жеткен жаңа оқу жылы «Білім күні» құтты болсын! 2025-2026 оқу жылында білімнің асқақ шыңына көтеріліп, мол табыстар мен ізденістерге жете берулеріңізге тілектеспіз. 1-қыркүйек Білім күні мерекесі баршамызға құтты болсын!