08
сентябрь
2025
БІРЫҢҒАЙ ҚАЛАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
БІРЫҢҒАЙ ҚАЛАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
БІРЫҢҒАЙ ҚАЛАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменованың төрағалығымен ағымдағы жылдың 26 тамыз күні «Білім беру ұйымдарының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында бірыңғай қалалық педагогикалық кеңес өтті. А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназия ұжымы педагогикалық кеңеске онлайн режимде бір нүктеден қосылып, қатысты. Педагогикалық кеңес барысында жаңа оқу жылының негізгі міндеттері айқындалды: ✅ оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері; ✅ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы; ✅ жасанды интеллектіні білім беру процесіне енгізу; ✅ педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы сияқты маңызды мәселелер талқыланды. Қалалық педагогикалық кеңесте Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Төрәліқызы педагогикалық кеңесте айтылған шешім барлық білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңестерінде талқыланып, жұмыс жоспарына енгізілсін деп қаулы етті. Сонымен қатар педагогикалық кеңесті қорытындылаған басқарма басшысы ұстаздарға нақты тапсырмалар беріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Екінші бөлімі мектептің педагогикалық кеңес отырысымен жалғасты. Педагогикалық кеңеске Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы– Умарова Бикен Хусайновна қатысты. Күн тәртібінде: ✅1. Педагогикалық кеңестің хатшысын, төрағасын сайлау Педагогикалық кеңес құрамын, қатысушыларын сайлау. ✅ 2024–2025 оқу жылының жұмыстарына талдау, жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстыру. ✅ Тәрбие жұмысының міндеттері мен бағыттары (2025–2026ж). ✅Оқу-әдістемелік кеңес құрамын бекіту. ✅ Ыстық тамақ ұйымдастыру мәселесі. ✅ Білім сапасын көтеру жолдары ✅ Мектептің ішкі тәртіп ережесі, еңбек қауіпсіздігі шаралары. ✅ Жаңа оқу жылына мұғалімдер мен қосымша жұмыс істейтін қызметкерлердің сағат жүктемелерін бекіту. ✅2025–2026 оқу жылына оқулықтармен қамтамасыз ету ✅Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ✅Әдеп кеңесі мен профилактикалық кеңес құрамын бекіту. ✅ Жалпыға бірдей білім беру ✅ 1-сыныптарды мектепке қабылдау туралы. Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, қаулы қабылданды. Жаңа 2025–2026 оқу жылы табысты басталып, ұстаздарымызға шығармашылық шабыт, оқушыларымызға зор жетістік әкелсін!