EDUCAMPSHYM және PROFSTART аясындағы кәсіби бағдар экскурсиясы – 5 күн » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » EDUCAMPSHYM және PROFSTART аясындағы кәсіби бағдар экскурсиясы – 5 күн
02
июнь
2025

EDUCAMPSHYM және PROFSTART аясындағы кәсіби бағдар экскурсиясы – 5 күн

 EDUCAMPSHYM және PROFSTART аясындағы кәсіби бағдар экскурсиясы – 5 күн
EDUCAMPSHYM және PROFSTART аясындағы кәсіби бағдар экскурсиясы – 5 күн📚 📅 2025 жылғы 30 мамыр 📍 Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы. Жазғы демалыс басталысымен-ақ, оқушылар үшін білім мен даму мүмкіндіктеріне толы бірегей тәжірибе ұйымдастырылды. EDUCAMPSHYM және PROFSTART жобалары аясында өткен кәсіби бағдар экскурсиясы – жасөспірімдердің болашақ мамандығын саналы таңдауға бағытталған маңызды қадам болды. 🔹 7-8 сынып оқушылары – «Шаруа Пірмат» атындағы колледжінде, 🔹 9-10 сынып оқушылары – "Мирас" университетінде кәсіби бағдарлау сабақтарынан өтуде. Оқушылардың бүгінгі экскурсия барысында алған мүмкіндіктері: ✅ Оқу орындарының инфрақұрылымы, материалдық-техникалық базасы, мамандықтар мен білім беру бағдарламалары жайлы жан-жақты ақпарат алуда. ✅ Шынайы оқу процесіне қатысып, дәрістерге және тәжірибелік сабақтарға араласып жатыр. ✅ Сала мамандарымен еркін форматта пікір алмасып, кәсіптік кеңес тыңдады. ✨ Нәтижесінде: 🔹 Өз қызығушылығы мен бейіміне сай мамандық таңдауға алғашқы бағыт айқындалды. 🔹 Ғылым мен кәсіпке деген қызығушылық артып, оқу мотивациясы жоғарылады. 🔹 Жауапкершілікпен таңдау жасауға сенімділік қалыптасты. 📢 Болашақ мамандарды тәрбиелеуге бағытталған мұндай жобалар – сапалы білімнің, мақсатты дамудың және саналы ұрпақ қалыптастырудың басты кепілі. Жетекшілері: Р.Керимкулова, Р.Стамбекова, Д.Сали.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив