08
September
2023
Позитивті ата- ана : мәні, қағидаттары, мазмұны!
Отбасы күні қарсаңында "Позитивті ата- ана : мәні, қағидаттары, мазмұны! " тақырыбында ата - аналар жиналысы өтті.
Мақсаты : ата - аналарға позитивті ойлау — сау және бақытты өмірдің негізі екенін түсіндіре отырып, бала мен ата- ана арасында жағымды қарым- қатынас орнатуға ықпал ету.
Мектеп директоры Жанар Сарсенбаева жиналысты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа алып, ақша жинаудың кез-келген әрекетіне, мерекелік іс-шараларға, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге сыйлық алуға, мектептің жөндеу жұмыстарына, санитарлық заттарын, шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта
ата-аналардан және ата-аналар комитеті атынан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынатындығын ескертумен бастады.
Позитивті ата - ана - бұл баланың жеке басын, оның қажеттіліктерін, қалауын, белгілі бір мінез - құлық себептерін терең түсінуге және оны жақсы көруге негізделген тәрбие стилі. Бұл стиль бала мен ата - ана арасындағы достыққа, өзара ынтымақтастыққа негізделген.
Педагог- психолог Бекжігітова Айнұр Оразбекқызы ПОЗИТИВТІ ТӘРБИЕ - бұл балалардың періштедей пәк болып туылатынын түсіну, олармен дұрыс қарым- қатынас жасау, жаман мінез -құлықты жазалау емес, болашақта дұрыс мінез - құлық қалыптастыруға тырысу әр ата - ана үшін басты қағидат екенін атап өтті.
" Сіз қандай із қалдырасыз? " тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, ата - аналарға жазалаумен тәрбиелеу баланы қорқытуға әкелетінін, өзіне сенімділігін жоятынын ескертіп, баланың көңіліне жазылмас дақ қалдырмауына, жазалаудың орнына баламен жағымды диалог орнатуға, ойдың тазалығымен махаббат орнату арқылы бала жүрегіне ізгі із қалдыруға кеңес берді.
Педагог- психолог Каратаева Салтанат " Ақ ұлпа қар" жаттығуын жүргізіп ата - аналардың көңіл - күйін позитивке бөледі. Қарым - қатынасты жақсартуға арналған психологиялық тренингте ата - аналар белсенділік танытып, бүгінгі жиналыстан маңызды ақпараттар алғанын айтып қорытындылады.