01
June
2023
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия әкімшілігі 2022-2023 оқу жылындағы мектеп бітіру іс-шарасы, қорытынды аттестаттау, UNT тапсыруда мына жағдайларды ескертеді:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында қатаң тыйым салынады; мектеп қажеттіліктеріне, 4,9,11 сыныпты аяқтауына, мектептің жөндеу жұмыстарына ақша жинауға қатаң тыйым салынады;
2. Барлық қатысушыларға «Мектеп бітіру» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулық беру, ата-анасының немесе заңды өкілінің тек біреуінің қатысуы, кешенді қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілетінін ескертеді;
3. Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез-келген түрдегі сыйлықтар алуға (педагогтар мектеп бітіру іс-шарасы барысында ата-аналар тарапынан түрлі сыйлықтар алуға, ата-аналар комитеті тарапынан қаржылай ақша жинауға) қатаң тыйым салынатындығын;
4. Оқушылардың автокөлік шеруіне шықпауына, ойын алаңдарына (Фиркан сити, Шымкент плаза, Мега планет т.б) бармауына, кафе, тойхана, саябақтарға, қала сыртындағы саяжайларға баруына қатаң тыйым салынатындығын;
5.Қорытынды аттестаттау кезінде түрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинауға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға, гүл сыйлауға, қатаң түрде тыйым салынатындығын;
6. Бітіріп кеткен, яғни мектеп қабырғасында оқыMayтын түлектердің келуіне тыйым салынатындығын ескертеді.
Құрметті ата-аналар! Жоғарыда айтылған талаптар бұзылған жағдайда тікелей байланысқа шығуларыңызды, бала өмірінің қауіпсіздігі үшін сақтық шараларын сақтауды ескертемін.
Құрметпен, А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназиясының директоры Сарсенбаева Жанар Пернеханқызы
Contacts телефоным: 87757760711