САПАЛЫ БІЛІМНІҢ ЖАҢА ИДЕЯЛАРЫ:ТӘЖІРБИЕ, НӘТИЖЕ » «Школа-гимназия №50 N50 мектеп гимназия» КММ
Коммунальное государственное учреждение
Школа-гимназия №50
"named after Akhmet Baitursunov"
Управления образования города Алматы
Reception room :
+7(7252) 21-33-29
bookkeeping:
+7(7252) 21-33-29
Version for
visually impaired
» » САПАЛЫ БІЛІМНІҢ ЖАҢА ИДЕЯЛАРЫ:ТӘЖІРБИЕ, НӘТИЖЕ
16
March
2023

САПАЛЫ БІЛІМНІҢ ЖАҢА ИДЕЯЛАРЫ:ТӘЖІРБИЕ, НӘТИЖЕ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен "Сапалы білім" жобасы аясында А. Байтұрсынов атындағы named after Akhmet Baitursunovнда 16.03.2023 күні «САПАЛЫ БІЛІМНІҢ ЖАҢА ИДЕЯЛАРЫ:ТӘЖІРБИЕ, НӘТИЖЕ» тақырыбында қалалық тәжірбиелік семинар өтті. Семинардың мақсаты: Білім беру сапасын арттыру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін тиімді қолдану. Жаңа идеяларды ендіру тәжірбиесімен бөлісу, нәтижеге жету.
Осы мақсатқа жету барысында бастауыш сынып, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдері өз тәжірбиелерімен бөлісті. ШҚӘО бөлім басшысы Ж.А.Арысбаеваның және мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдері Л.Кенжебаева, Т.Игнатьева, химия пәні мұғалімі Э.Байғұт, биология пәні мұғалімі Г.Алтынбекова, физика пәні мұғалімі А.Бимурзаева, информатика пәні мұғалімі Ж.Ахайдарова, тарих пәні мұғалімі А.Амзеева ашық сабақтары өтті. Сапалы білім берудің жолдары мен тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісу мақсатында М.Ахмедова, Д.Сугиралиева, Қ.Баратова және қазақ тілі әдістеме бірлестігі Г.Раманкуловалар коучингтер және А.Кәдірхан дебат ұйымдастырды. Жоғарыда аталған мұғалімдер оқытудың түрлі әдістерін тиімді қолданды, өз сабақтарына жаңа идеяларын ендіріп, тәжірбиелерімен бөлісті. Семинарға қатысқан қонақтар семинардың өз дәрежесінде өтуіне ат салысқан Ж.П. Сарсенбаева басқарып отырған А.Байтұрсынов атындағы №50 меткеп-гимназия ұжымының мұғалімдеріне үлкен ізденістері мен қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, еліміздің ертеңі, дамыған елдермен иық тіресіп, тереземізді тең ұстап,әлемдік бәсекеде үкілі үмітімізді ақтайтын ұрпақ тәрбиелеуде мол шығармашылық табыстар тілеп кетті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив