«Адал азамат» » «Школа-гимназия №50 N50 мектеп гимназия» КММ
Коммунальное государственное учреждение
Школа-гимназия №50
"named after Akhmet Baitursunov"
Управления образования города Алматы
Reception room :
+7(7252) 21-33-29
bookkeeping:
+7(7252) 21-33-29
Version for
visually impaired
21
October
2025

«Адал азамат»

 «Адал азамат»
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын тәрбие үдерісі мен пәннің мазмұнына кіріктіру» тақырыбында республикалық семинар өтті Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы Университеті мен «Өрлеу» БАҰО АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты арасында жасалған меморандум аясында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары туралы ақпараттандыру мақсатында 2025 жылдың 16 қазан күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын тәрбие үдерісі мен пәннің мазмұнына кіріктіру» тақырыбында республикалық семинар өтті. Семинар барысында Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы Университетінің оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры Бердибекова Гулмира Султанбековна семинардың мақсаты және міндеттерімен таныстырды. «Өрлеу» БАҰО АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы университет студенттерін «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын тәрбие үдерісі мен пәннің мазмұнына кіріктіру бойынша елімізде жасалып жатқан іс-шаралардың нәтижесімен таныстырып, келешек педагогтерге танымдық ақпарат берді. Сондай ақ, іс-шарада Шымкент қаласының жалпы білім беретін мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары пікірталасқа қатысып, келешек білікті тұлғаны қалыптастырудағы тәрбие жұмысының маңызы туралы құнды пікірлерін ортаға салды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив