МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНЫҢ 2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ
МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНЫҢ
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ
2023-2024 оқу жылында кітапхана ҚР Ministry of Education and Scienceнің
19.01.2019 жылғы №44 бұйрығына және 28.01.16 жылғы №91 бұйрығына сүйене отырып жұмыс жүргізді.
Мектеп кітапханасының негізгі мақсаттары мен бағыттары:
- Мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету;
- Жаңа бағдарлама бойынша 2 сынып оқулықтарын және сұранысқа берілген қажетті оқулықтарды алу;
- Оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және ақпараттық мәдениетін жетілдіру;
- Жаңа бағдарлама бойынша 2 сынып оқулықтарын және сұранысқа берілген қажетті оқулықтарды алу;
Кітапхана мына бағытта жұмыс жүргізді:
- «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында іс-шаралар атқарылды;
- Дөңгелек үстел, ақпараттық сағат, пікіралмасу, кездесу кеші, мәнерлеп оқу сайыстары ұйымдастырылды;
- Кітап көрмелері, дөңгелек үстел, кітап талқылау, пікіралмасулар ұйымдастырылды;
- Оқу бағдарламалары мен жоспарларына сай көрмелер ұйымдастырып, пән апталықтарына көмек берілді;
- Оқулықтың сақталуына әр тоқсан сайын рейд жүргізілді.
- Дөңгелек үстел, ақпараттық сағат, пікіралмасу, кездесу кеші, мәнерлеп оқу сайыстары ұйымдастырылды;
Кітапхана қоры.
2023-2024 оқу жылының соңында кітапхана қоры-66700дана,
соның ішінде – 53778мектеп оқулығы,
электрондық оқулық саны 2493 дана,
көркем және салалық әдебиет –10429дана.
2 сынып оқулықтары,әдебиеттер және оқушы саны артқанына қажетті оқулықтар алынды.
2023-2024 оқу жылында оқулықпен қамтылуы.
Сыныптар | Оқушылар саны | Оқулықпен қамтылуы | Оқулықпен қамтылу үлесі % | ||||||||
жалпы | қазақ | орыс | жалпы | қазақ | орыс | жалпы | қазақ | орыс | |||
1-Сынып | 223 | 142 | 81 | 142 | 81 | 100% | |||||
2-Сынып | 241 | 150 | 91 | 150 | 91 | 100% | |||||
3-Сынып | 242 | 146 | 96 | 146 | 96 | 100% | |||||
4-Сынып | 288 | 169 | 119 | 169 | 119 | 100% | |||||
5-Сынып | 298 | 179 | 119 | 179 | 119 | 100% | |||||
6-Сынып | 294 | 171 | 123 | 171 | 123 | 100% | |||||
7-Сынып | 283 | 178 | 105 | 178 | 105 | 100% | |||||
8-Сынып | 243 | 154 | 89 | 154 | 89 | 100% | |||||
9-Сынып | 246 | 180 | 66 | 180 | 66 | 100% | |||||
10-Сынып | 171 | 111 | 60 | 111 | 60 | 100% | |||||
11-Сынып | 154 | 115 | 39 | 115 | 39 | 100% | |||||
Барлығы: | 2683 | 1695 | 988 | 1695 | 988 | 100% |
Оқу тәрбие процесіне көмектесе отырып, оқушылармен мына іс-шаралар өткізілді.
Кітап көрмелері:
- «Айбары асқақ- Ата заң» (ҚР Конституция күніне)
- «Оқуға құштар мектеп», «Рухани жаңғыру –100 кітап»
-«Мектеп – кеме, білім - теңіз» (1 қыркүйек –білім күніне)
- «Ұстаздар-ізгі жандар» (Ұстаздар күніне)
- «Теңге-мемлекеттің тірегі» (ҚР ұлттық валюта күніне)
- «Қазақ даласының қайсар қызы-Мәншүк» (Мәншүк Мәметова -100 жаста)
- «Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» (ҚР Тәуелсіздік күніне)
- «Ауған –от жалыны» (Ауған соғысының аяқталғанына-34 жыл толуына)
-«Алғыс білдіру-ең асыл сөз» (1-наурыз Алғыс айту күніне)
- «По сказкам Максима Горького» (155 лет со дня рождения М.Горького)
- «Сыйынар ем, ана деген тәңірге» (8 наурыз –аналар күніне)
- «Қаһарман жазушы» (Қасым Қайсенов-105 жаста)
Дөңгелек үстел, пікір алмасулар:
- «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бастауыш сынып мұғалімдері А.Байтұрсынұлының туғанына 150жыл толуына орай жазушының «Анама хат» шығармасын талдау дөңгелек үстелі өтті.
- 5 «а» сынып оқушылары мектеп кітапханасына биыл жаңадан келген Джанни Родаридің «Джельсомино Суайттар елінде» шығармасын алып оқып, талдап, мазмұнымен бөлісті.
- 5 сынып оқушыларының қатысуымен М. Әуезовтың «Көксерек» шығармасын талдау дөңгелек үстелі өтті. Оқушылар оқиғаның басталуын —қасқырлар мекенін, бөлтірік тағдырын және Құрмашпен Көксеректің достығы туралы әңгімелеп берсе, қалған оқушылар «Көксерек» әңгімесін талдай отырып, шығарманың мазмұнын аша білді. Барлық оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салып, мазмұнымен бөлісті.
- 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Ата-бабамыздан қалған асыл мұра» тақырыбында сұхбаттасу өтті. Ата-бабамыздан асыл мұра болып қалған тілімізді, асыл сөздерді өскелең жас ұрпаққа мирас ету, дәстүр сабақтастығын ұғындыру мақсатында өткен сұхбаттасуда салт-дәстүр, даналық сөздер туралы әңгіме өрбіді.
- Қысқы каникул кезінде оқушыларды кітап оқуға шақыру, оқушының білімділік танымын, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Қысқы каникулда-10 кітап оқимыз!» іс-шара жоспарын жасап, жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. Атқарылған іс-шаралар #қыста_оқимыз хештегімен әлеуметтік желіге салынып, жарияланды.
- 5 «а» сынып оқушылары мектеп кітапханасына биыл жаңадан келген Джанни Родаридің «Джельсомино Суайттар елінде» шығармасын алып оқып, талдап, мазмұнымен бөлісті.
Оқырмандармен жұмыс мазмұны және ұйымдастырылуы.
2023-2024 оқу жылында оқырмандар белсенділігінің орта көрсеткіштері өткен жылдан жоғары. Белсенді оқырмандар биыл барлық сынпытар кітап талқылаумен, кітап оқумен көзге түсті. Оқырмандар екі жылдан бері кітапхана қорына келіп түскен кітаптарды көптеп алып оқыды. Бастауыш сынып оқушылар ертегілер оқыса, орта бууын оқушылары фантастика, шытырман оқиғалар, әңгімелер, хикаялар алып оқыды. Жоғары сынып оқушылары тек қана бағдарламалық шығармаларды алMay, тарихи әдебиетті, мотивациялық кітаптарды, қазіргі заманғы авторлардың кітаптарын алды.
Кітапхана жұмысының маңызды орындарынын бірі-көпшілік іс-шаралар, өйткені сыныптан тыс іс-шараларда балалармен тірі байланыс құрылады.
Көпшілік іс-шаралар:
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жұмыстар;
- «20 минут кітап оқимыз» акциясы жалғасын тапты.Сынып болып кітап оқу үрдісі жалғастырылып, фейсбук желісіне жүктелді.
- «Ұлттық тәрбиенің қайнар көзі-кітапхана» кітапханаға саяхат тақырыбында, кітапханамен таныстыра отырып, кітап оқуға тарту мақсатында 1 сынып оқушыларының кітапханаға алғашқы қадамы жасалды.
- «Кітаптар әлемі» танымдық сағаты өтті. Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру мақсатында өткен танымдық сағатында кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндірілді.
- Қысқы каникулда 10 кітап оқу«Кітаппен өткен демалыс күнім қызық» тақырыбында кітап оқу акциясы ұйымдастырылды. Акция бойынша оқушылардың кері байланыс орнатып, қыс және кітап коллаж жасады, оқыған кітаптан ұнаған кейіпкерлерінің суретін салды.
- «Кітап біздің досымыз» отбасымен кітап оқу акциясына оқушылар ата-аналарымен, бауырларымен бірігіп кітап оқып, фотоколлаж, бейнероликтерін әлеуметтік желіге салды.
- 10 сынып оқушыларының қатысуымен З.Қабдоловтың «Сөз өнері» шығармасына талдау жасалып, эссе жазуға қойылатын талаптары туралы әңгіме қозғалды. Оқушылар академик-жазушының өміріне тоқталып, жазушының әлеміне еніп, жазушының қазақ әдебиетіне қосқан үлесімен шығармаларымен танысты.
- «Ұлттық тәрбиенің қайнар көзі-кітапхана» кітапханаға саяхат тақырыбында, кітапханамен таныстыра отырып, кітап оқуға тарту мақсатында 1 сынып оқушыларының кітапханаға алғашқы қадамы жасалды.
Оқырмандар клубының жұмысы:
- «Жаңа кітап-жаңа ой» тақырыбында кітап оқуды насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқырмандар клубының мүшелерін жаңа келіп түскен кітаптармен таныстырылды.Клуб мүшелері жаңадан келіп түскен кітаптарды парақтап көріп, мазмұнына үңіліп, алып оқитындарын айтып, кітапхана қорына осындай тамаша кітап түскеніне қуанышты екендерін жасырмады.
- Оқырмандар клубының мүшелерінің қатысуымен Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» шығармасы бойынша оқырман сағаты өткізілді. Оқушылар жазушының «Балалық шаққа» әлем тарихы, әлемнің пайда болуы, тіршілік, өмір туралы алғашқы мағлұматтарды, азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алғанына тоқталды.
Библиографиялық, онлайн шолулар өткізілді:
- Туған өлкенің тарихын насихаттау мақсатында «Туған өлкем-жұмақ мекен» тақырыбында библиографиялық шолу жасады.
- «Махаббат, қызық, мол жылдар!» Әзілхан Нұршайықовтың туғанына -100 жыл толуына орай библиографиялық шолу жасалды.
- «Ұлттың ұлы күні-Тәуелсіздік күні» тақырыбында ҚР Тәуелсіздік күніне орай шолу сағаты өтті.Мақсаты: Оқырманға Тәуелсіздік ұғымын туралы түсіндіру. Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, Отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін, құрметтеуге тәрбиелеу.
- 22 наурыз - жаңа күн-жаңа жыл мерекесіне орай ««Қош келдің Наурыз!» тақырыбында 22 наурыз мейрамы күніне слайд шолу жасады.
- «Махаббат, қызық, мол жылдар!» Әзілхан Нұршайықовтың туғанына -100 жыл толуына орай библиографиялық шолу жасалды.
Мектеп кітапханасы атқарған іс-шаралардың суреттері мен
әлеуметтік желіге жарияланған сілтемелері.
"Оқуға құштар мектеп"
А.Байтұрсынов атындағы #50 мектеп -гимназия кітапханасында 06.09.23 " Тіл-Тұғыр" атты кітап көрмесі және 10сынып оқушыларымен Ахмет Байтұрсынұлының туған куніне арнап дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Бірінші сынып оқушылары 08.09.23 мектеп кітапханасына экскурсия жасады.Ертегі кітаптарды әріп танымаса да қызыға қарады.Менің болашақ оқырмандарым.
В школьной библиотеке 13.09.23 г провели конкурс сочинений "Язык-история народа"с 7"Ә"классом.Преподаватели русского языка и литературы Князбаева Ж и Акшораева А рассказали ученикам о значимости языка,о его красоте и необходимости.Ученики написали сочинение на тему значимости языка.Высказывали свои мнения,разгадывали ребусы о языке.
А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия кітапханасында 14.09.23ж "Ұлағатты отбасы-ұлт құндылығы"атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Отбасының сәні-сыйластық,Достықтың сәні-қимастық демекші ұлағатты отбасының кілті сыйластықта.
В школе -гимназии #50 им А.Байтурсынова 14.09.23 г к празднику языков учитель русского языка и литературы Ергешова З провела конкурс чтецов среди 4 А,Ә,Б классов.Ученики наизусть читали стихотворения о языке,народе.Устроили состязания на тему "Кто знает больше стихотворений".Конкурс прошёл очень интересно.Мероприятие прошло под руководством Зам .директора по методической работе Сексенбаевой У.Н.
"Оқуға құштар мектеп"
А.Байтұрсынов атындағы #50мектеп-гимназия кітапханасында "Кітапқұмарлар"оқырман клубының алғашқы отырысы өтті.Оқырмандар өздері таңдаған кітаптарды оқып ,ойларымен бөлісті. 20.09.23
Это первоклашки,мои маленькие читатели.Они не умеют хорошо читать,но уже интересуются красочными книжками.В будущем они будут читать сказки,рассказы.Когда подрастут будут каждый день бегать в школьную библиотеку. 25.09.23г
Абай -дана.
Абайдың шығармашылығына арналған апталық. 28.09.23ж күні Абай Құнанбаевтың өлеңдерін,қара сөздерін жатқа айтып оқушыларға сайыстар,дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
"Оқуға құштар мектеп"
Мектеп кітапханасында 13.10.23 ж 7"в"сынып оқушыларына Қасым Қайсеновтің "Жау тылындағы бала "атты кітабына буктрейлер дайындалып көсетілді.Мақсатымыз: балаларды кітап оқуға қызықтыру,баулу,шақыру.Schoolchildren партизан Қайсеновтің өмірбаяны,шығармалары,кинофильм болып шыққан шығармасынан ұзінділер көрсетілді.
А.Байтұрсынов атындағы #50мектеп-гимназиясында 19.10.23 ж оқулықтардың сақталуын тексеру бойынша рейд өтті.Мақсаты:Schoolchildren оқулықтарға дұрыс және ұқыпты қарауды үйрету.
Кітапхана-біздің рухани құндылығымыз ,теңдессіз байлығымыз,өйткені өткен заман өрнектеріндей тарихты да,әдебиетті де,басқа ғылым кереметтерін де содан табамыз.Кітапхана-білімнің күншуағы. 24.10.23 ж
Оқырман клубының кезекті отырысында 26.10.23ж М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал"шығармасына тоқталдық.Әйелдердің құқығы,сол уақыттағы әйел ролі.Осы шығармада көрсетілген.
"Оқуға құштар мектеп"
"Күзгі демалыста жалықпаймыз,кітап оқимыз"атты іс -шаралар жалғасын табуда.Балалар демалыс кезінде мектеп кітапханасында Абай Құнанбаевтің қара сөздерін,А Байтұрсыновтің "Қырық мысал "кітабін оқыды.#Оқуға құштар мектеп-күзгі демалыста #Күзде_біз_жалықпаймыз,_кітап_оқимыз 01.11.23ж
"Күзгі демалыста жалықпаймыз,кітап оқимыз"
Оқушылар демалыс күндерін зая кетірмей балалар кітапханасына барып өздеріне ұнаған кітаптарын оқыды.#Күзде_біз_жалықпаймыз,_кітап_оқимыз #Оқуға құштар мектеп-күзгі демалыста 02.11.23 ж
А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия кітапханасына 09.11.23ж көптеген көркем әдебиет кітаптары келіп түсті.Бастауыш сынып балаларына қазақ халқының ертегілері кітабы,жер -жахан ертегілері,орта және жоғарғы буын оқушыларға қызықты шет елдеріңің шығармалары қазақ тіліне аударылып оқуға ұсынылып отыр.Қазақ әдебиеті де шет қалмады керемет тарихи кітаптар,қызықты әңгімелер жинақтары кітапхана сөрелерін толықтырды.
А.Байтұрсынов атындағы #50мектеп -гимназиясында инклюзивтік білім беру бойынша мұғалімдерге арналған кезекті отырысы өтті.Тасполатова .Л баяндама оқыды,мұғалімдер инклюзивті балаларды оқытудағы қағидаттарды талқылады. 9.11.2023
Библиотека школы пополнилась очень интересной художественной литературой,знакомство с ней продолжается. 10.11.23
"Оқуға құштар мектеп"
А.Байтұрсынов атындағы #50мектеп-гимназия кітапханасында ақын-жазушы Пірімжанова Айгуль Қалтайқызымен кездесу өтті.Бастауыш сынып оқушылары автордың өлеңдерін,тақпақтарын жатқа айтты.9сынып оқушылары ақындық қабілеттерін сынап көрді,жазушыдан құнды кеңестер алды.Айгуль Қалтайқызының шығармашылығы кішкентай балаларды баурап алып,кітапқа деген суйіспеншілігін оятты. 16.11.23ж
"Оқуға құштар мектеп"
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия кітапханасында 8сынып оқушыларымен"20 минуттық кітап оқу"ұйымдастырылды.Оқушылар өздері ұнатқан кітаптарды таңдап оқыды.
20.11.23ж
"Оқуға құштар мектеп"
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия
Бүгін оқырмандар клубының кезекті отырысы өтті.Оқушылар С.Мұратбековтің "Жүсан иісі"шығармасына тоқталды.Бас кейіпкер Аянның әжесінен айырылғаны,соғыста әкесі қайтыс болғаны жайлы әңгімелеп,өз ойларымен бөлісті. 21.11.23
"Оқуға құштар мектеп"
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия кітапханасында 11сынып оқушыларымен және 9 сынып оқушыларымен "Мен оқыған бір кітап"атты іс-шара өтті.Бұл іс-шарада жоғарғы сынып оқушылары оқыған кітаптары жайлы бөлісті,пікір алмасты,талқылады.
1.12.23ж
"Читающая школа"
В библиотеке школы-гимназии им А .Байтурсынова было проведено мероприятие "Сеансы чтения вслух".Ученики 9и класса читали вслух шедевриальное произведение М.Ауэзова "Путь Абая"2том.Бсение вслух помогает учащимся в открытом обмене впечатлениями о прочитанной книге. 09.12.23г
"Оқуға құштар мектеп"
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия кітапханасында тәуелсіздік күніне орай 4б сынып оқушыларымен "Менің Отаным" атты іс-шара өтті.Бұл іс-шарада көптеген патриоттық өлеңдер,тақпақтар айтылды.Оқушылар егемендігімізді қалай алғанымыз жайлы тарихымен танысты. 11.12.23ж
"Читающая школа"
В декабре месяце по русской литературе ученики шестых классов по программе проходят изучение произведения Э.Гофмана "Щелкунчик и мышиный король",поэтому библиотекари решили провести литературный час посвященный этому немецкому писателю.Ученики просмотрели слайд о жизни и творчестве писателя,прочитали книгу и высказали своё мнение о прочитанной книге.
"Оқуға құштар мектеп"
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия кітапханасында "Мен оқыған қызықты кітабым","Маған ұнаған кейіпкер" атты тақырыбында эссе жазу байқауы 4-9сынып оқушылар арасында өтті.Ойын керемет,толық жеткізген оқушылардың эсселері өте көп,байқаудың нәтижесін қазылар шешер.
"Менің оқыған кітабым "тақырыбындағы эссе жазу байқауының бастауыш сыныптар бойынша жеңімпаздары марапатталды.
"Оқуға құштар мектеп"
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия оқушылары қысқы демалыста"Қыста кітап оқимыз,жадымызға тоқимыз"атты марафонға қатысуда.Балалар жас ерекшеліктеріне сай кітаптар даңдап ,оқуға кірісіп кетті.
"Қыста кітап оқимыз,жадымызға тоқимыз"
Балалар қысқы демалыста уақыттарын зая кетірмей кітап оқып,ұнаған кейіпкерлердің суреттерін салып,отбасымен бірге қызықты кітаптарды оқып жатыр
"На зимних каникулах читаем ,ума-разума набираем"
Вот под таким названием проходит акция на зимних каникулах.Дети вместе с родителями с удовольствием проводят время за чтением.
Оқуға құштар мектеп
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия кітапханасында" Оқырман клубының "отырысы өтті.11сынып оқушысы Маржан 4сынып оқушыларын қызықтырып,өзі оқыған кітаптың мазмұнын айтып жатыр.
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия кітапханасында "Мен оқыған бір ертегі,парасаттылық туралы" атты іс-шара өтті. Бұл іс-шарада бастауыш сынып оқушылары оқыған ертегілерінен өздеріне ұнаған жағымды, парасатты кейіпкерлерін талқылады. Кейіпкердің адалдығы,парасаттылығы,кішпейілдігі қай істен байқалатынын анғарған оқушылар өз пікірлерін ортаға салды.
"Читающая школа"
В школьной библиотеке открыт клуб молодых ученых -искателей" Жсё обо всём".Ученики которые любят новые открытия ,хотят знать обо всём делятся своей прочитанной интересной информацией .Научные открытия в любой отрасли заинтересуют членов клуба.Заседание клуба проходит по четвергам в школьной библиотеке.Цель открытия этого клуба одна -это дать ученикам побольше знаний.
В школьной библиотеке школы -гимназии #50 провели день международной книги.Ученики читали понравившуюся зарубежную литературу.Высказывали свою точку зрения насчёт героев произведения ,читали отрывки из книги.
"Балалар кітапханасы"
#50 А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия кітапханасында бастауыш сынып оқушыларымен "Мен оқыған ертегі"атты іс-шара өткізілді.Оқушылар ертегілер оқып,кейіпкерлері жайлы түсінігін айтты.
"Оқуға құштар мектеп"
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия кітапханасында "Мен кітапханашымын" атты іс -шара өтті. Оқушылар кітапханаға келген оқырмандарға кітап таңдауға көмектесті,формулярға жазып берді,әдеби кітаптарды қабылдап алды ,жоспар бойынша іс-шаралар өткізді.Кітапхана мамандығының қызығына да ,шыжығына да бір күн қанық болған 11сынып оқушыларына алғыс білдіреміз.
"Оқуға құштар мектеп"
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия оқушылары "Әдеби талдау"атты челлендж ұйымдастырды.Оқыған шығармаларын ортаға салып,талдап,кейіпкерлерді талқылады.
"Балалар кітапханасы "
Балалар кітапханасы бағдарламасы бойынша А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия кітапханасында "Қызықты ертегі елінде" атты іс-шара өтті.Жоғарғы сынып оқушылары бірінші сынып оқушыларына ертегі оқып,түсінігін айтып,кітапқа деген қызығушылықтарын арттырды.
"Оқуға құштар мектеп"
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия кітапханасында оқырман клубының кезекті отырысы өтті.Клубтың мүшелері шығармадағы дос туралы тақырыпты талқылады.Кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз жақтарын ортаға салып, пікір алмасты.
В рамках программы "Детская библиотека"в библиотеке было проведено мероприятие под названием "Прочитаю тебе сказку".Ученики 9 класса знакомили обучающихся 2классов с волшебным миром сказок.Они прочитали сказку о белоснежке,о красной шапочке,колобке.Детям было очень интересно слушать замечательные,поучительные,волшебные сказки.
"Оқуға құштар мектеп"
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия кітапханасында оқушылар Б.Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат "атты шығармасын оқып,талқылап,пікіралмасты.Жазушының кез- келген туындысын оқыған адам шынайы сурет пен баланың аңғал мінезімен өрілген ауқымды тақырыптың астарына жолығады.Бұл повесте бір отбасының тыныс- тіршілігі арқылы автор бір дәуірдің тұтас бейнесін көрсете білген.
Балалар кітапханасы"
"Оқуға құштар мектеп"
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия кітапханасы 8наурыз мейрамына орай "Анамның қолындағы кітап"атты челлендж ұйымдастырды.Барлық құндылықтар анадан басталады,кітап оқып рухани даму,баю аналарымызға байланысты. 9"б"сынып оқушысы Еркинова АдеMayдың анасының қолындағы кітап көптеген аналарға үлгі болғай.
"Оқуға құштар мектеп"
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназиясы "Менің суйікті кітабым"челленджін қабылдап Б.Соқпақбаевтің "Балалық шаққа саяхат" шығармасы бойынша бесінші сынып оқушылары арасында әдеби кеш өтті.Балалар шығарманы оқыды,ойларымен бөлісті, кейіпкерлер жайлы өз пікірлерімен алмасты.
«Оқуға құштар мектеп»
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия кітапханасында "Мен таңдаған кітап"атты іс-шара өтті.Оқушылар ойын барысында кітаптарын таңдап,20минут оқып өз ойларын,түсініктерін айтты.Жағымды ,жағымсыз кейіпкерлер жайлы пікіралмасты,ойларымен бөлісті.
"Оқуға құштар мектеп"
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия оқушылары "Менің сүйікті кітабым "челленджіне белсенді қатысуда.Оқушылар оқыған кітап туралы өз әсерлерімен бөлісіп ,сюжеттерге байланысты сурет салды .Осындай іс-шаралар оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруға ықпал етеді деп ұміттенеміз.
Оқуға құштар мектеп"
"Демалыста кітап оқимыз"
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия оқушылары көктемгі каникулда "Демалыста кітап оқимыз" атты республикалық марафонға белсенді қатысуда.Анкета толтырып,кітапты жүктеп алып кітапты каникул кезінде оқып шығуы керек.Екінші кезеңде тест бойынша сұрақтарға жауап береді.
Оқуға құштар мектеп"
"Көктемгі демалыста кітап оқимыз"
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия кітапханасы :Көктемгі демалыста көршілердің балаларынан құрылған "Оқырман клубы"өз жұмысын бастады.Балалар нақыл сөздерді ,қысқа жазылған әңгімелерді оқыды,жұмбақтар шешті.Демалыс күндерін жақсы өткізуде.
"Оқуға құштар мектеп"
Гайдар атындағы балалар кітапханасы ұйымдастырған "Сиқырлы кітаптар әлемі" атты байқауға 8сынып оқушылары қатысып бірінші орын алды.
"Балалар-интернет-медиа қауіпсіздік" 09.04.24
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназиясында 6е сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Утебаева П .К "Менің интернетім"тақырыбында тәрбие сағат өтті.Бүгінгі таңда интернет-ресурста балаларға қауіп төндіретін кездер көбейіп келеді,сондықтан интернет желісіндегі балалар мен жасөспірімдердің ақпараттық қауіпсіздігі ережелері оқушыларға таныстырылды.
Халықаралық балалар кітабы күні!
"Балалар кітапханасы "жобасы аясында оқушылардың кітап оқу белсенділігін арттыру жолдары және жасақталған көркем әдебиеттердің іріктелген тізімі ұсынылады.
«Прочитаю вам сказку» так называлось мероприятие проведенное в школе гимназии №50.Ученики старших классов рассказывали интересные сказки, читали им вслух,устраивали викторины ученикам 2-х классов.
"Балалар кітапханасы"
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия кітапханасында 18.04.24ж "Кітап менің досым"атты іс-шара өтті.Бастауыш сынып оқушылары ертегілер еліне саяхат жасады.
23-сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықтарды қорғау күні А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия кітапханасында "Менің қорғалған кітабым"атты іс-шара өтті.Авторлық құқық деген не? осы сұраққа оқушылар толық жауап алды.
Детская библиотека"
В школе-гимназии #50 им.А.Байтурсынова 30.04.24 г в рамках программы "Детская библиотека" и "Читающая школа" было проведено интересное мероприятие "Моя любимая сказка".Ученики 9-х классов прочитали сказки ученикам начальной школы, провели викторину,ученики 3-их классов рассказывали полюбившиеся им сказки.Очень много полезного и позитивного учащиеся взяли от этого мероприятия.
А.Байтұрсынов Атындағы Елуінші Мектеп-гимназия 9 сынып оқушылары 10.05.24ж
Кітап Live атты республикалық кітап оқу байқауына қатысып,екінші кезеңіне өтті.