12 мамыр - "Аналар күні" мерекесі
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназиясында 12 мамыр - "Аналар күні" мерекесіне орай дөңгелек үстелдер өткізілді. Ананың бала өміріндегі маңызы туралы құнды ақпараттар айтылып, оқушылар анаға тән қасиеттерді жазып, тақтаға жабыстырды. Аналарын құттықтап, ашық хаттар жазды. Ашық хатқа әр оқушы анасын сипаттай отырып, еткен еңбегі үшін алғыс айтып, болашақта ана үмітін ақтауға уәде берді.