16
ноябрь
2026
Біздің сыныптың достық ережелері»
« Біздің сыныптың достық ережелері»
Шымкент қаласы 🔰 А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназиясы «Біздің сыныптың достық ережелері» «ДосболLIKE» бағдарламасы аясында оқушылармен «Біздің сыныптың достық ережелері» тақырыбында 8-сынып оқушыларымен психологиялық тренинг-жаттығу өткізілді. Мақсаты: Оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастыру, бір-біріне қолдау көрсетуге және мейірімді болуға тәрбиелеу. Тренинг барысында оқушылар достықтың мәнін түсініп, өз ойларымен бөлісіп, топтық жаттығулар арқылы бір-бірін тыңдау, құрметтеу және қолдау дағдыларын қалыптастырды. Сонымен қатар, сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған қызықты тапсырмалар орындалды. 💛 Достық – бір-біріңді түсіну, құрметтеу және қиын сәтте қолдау көрсету! Біз бір сыныппыз, біз біргеміз! Біздің күшіміз – бірлікте! 🤝