16
ноябрь
2026
БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ – БҮГІНГІ ҰРПАҚТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
« БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ – БҮГІНГІ ҰРПАҚТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ – БҮГІНГІ ҰРПАҚТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ Конституция елдің дамуын білім, ғылым, инновация және қоршаған ортаны қорғау құндылықтарымен байланыстырады. Табиғи байлықтарды сақтау, тарихи-мәдени мұраға құрметпен қарау және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік әр азаматтың ортақ міндеті болып саналады. Бұл талаптар бүгінгі қоғамның болашаққа деген көзқарасын айқындайды. Экологиялық мәдениет тек сенбілік өткізу немесе ағаш отырғызумен шектелмеуі керек. Суды үнемдеу, тазалық сақтау, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану күнделікті өмір салтына айналғаны маңызды. Осындай қарапайым әрекеттердің өзі қоршаған ортаны қорғауға қосылған нақты үлес. Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» бастамасы, көгалдандыру, абаттандыру және экологиялық акциялар осы жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған. Сонымен бірге тарихи ескерткіштер мен мәдени мұраларды сақтау да ұрпақ сабақтастығының маңызды бөлігі. Өйткені өткеннің құндылықтарын қорғау – болашаққа аманат қалдырудың бір жолы. Менің пайымдауымша, бүгінгі ұрпақтың жауапкершілігі өзінен кейінгі буынға қандай орта қалдыратынымен өлшенеді. Таза табиғат, сақталған тарихи мұра және экологиялық санасы қалыптасқан қоғам өздігінен пайда болмайды. Ол әр азаматтың күнделікті іс-әрекеті мен ортақ іске деген жанашырлығынан басталады.