16
ноябрь
2026
КҮЗГІ ДЕМАЛЫС – ҚЫЗЫҚТЫ СӘТТЕР!
« КҮЗГІ ДЕМАЛЫС – ҚЫЗЫҚТЫ СӘТТЕР!
КҮЗГІ ДЕМАЛЫС – ҚЫЗЫҚТЫ СӘТТЕР! 🍁🎨 Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында күзгі каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес оқушылар арасында шығармашылық сурет салу жұмыстары ұйымдастырылды. «Күзгі демалыс – қызықты сәттер», «Алтын күз», «Күзгі табиғат әлемі» тақырыптарында оқушылар өз қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып, күз мезгілінің әсем көріністерін қағаз бетіне түсірді. 🍂🖼️ Іс-шараның мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру, табиғат сұлулығын бағалауға, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу, күзгі демалыс уақытын тиімді әрі қызықты өткізуге ықпал ету. Әрбір сурет – баланың қиялы мен ерекше шығармашылық әлемінің көрінісі! 🌟