Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – басты құндылығымыз! » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – басты құндылығымыз!
16
ноябрь
2026

Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – басты құндылығымыз!

 « Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – басты құндылығымыз!
КҮЗГІ КАНИКУЛ КЕЗІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Құрметті ата-аналар! Күзгі каникул кезінде жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының және құқық бұзушылықтардың алдын алу – баршамызға ортақ міндет. Шымкент қаласы Полиция департаменті мен білім басқармасы ата-аналарды балаларының бос уақытын бақылауда ұстауға және олардың қауіпсіздігіне ерекше жауапкершілікпен қарауға шақырады. Ең алдымен, кәмелетке толмаған балаларыңызға автокөлік басқаруға рұқсат бермеңіздер! Жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірімнің көлік тізгініне отыруы өз өміріне ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Сонымен қатар балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне, қоғамдық орындарда тәртіп бұзуына және жол қозғалысы ережелерін сақтамауына жол бермеу маңызды. Ата-аналарға балаларымен жол қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп, құқық бұзушылықтардың салдары және заң алдындағы жауапкершілік туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылады. Естеріңізде болсын! Бір сәттік жауапсыздық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – басты құндылығымыз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив