16
ноябрь
2026
«Ұлттық құндылық — ұлттың рухани тірегі»
« «Ұлттық құндылық — ұлттың рухани тірегі»
«Ұлттық құндылық — ұлттың рухани тірегі» Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы күніне арналған зияткерлік апталық аясында «Ұлттық құндылықтар — ұрпақ тәрбиесінің негізі» тақырыбында танымдық сайыс сабақ өткізілді. 🌿 Ұлттық құндылықтар — ұлттың рухани байлығы, халықтың тарихи жады мен мәдени мұрасының қайнар көзі. Ана тілі, салт-дәстүр, әдебиет пен өнер — ұлттың болмысын айқындайтын асыл қазыналар. Жаһандану дәуірінде ұлттық бірегейлігімізді сақтап, ата-бабамыздан қалған асыл мұраны жас ұрпақтың бойына сіңірудің маңызы зор. ✨ Сайыс сабақ барысында оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерді сахналап, танымдық тапсырмаларды орындап, өздерінің білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Оқушылар халқымыздың әдет-ғұрпы мен дәстүрлері туралы білімдерін ортаға салып, ұлттық мұраның қадір-қасиетін тереңірек түсінді. 🎯 Мақсаты: оқушыларға ұлттық құндылықтардың маңызын түсіндіру, салт-дәстүрлерімізді дәріптеу, ұлттық сана мен отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, елін, жерін құрметтейтін саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарын құрметтеген ұрпақ — ел болашағының берік негізі! 🇰🇿✨