«Заң және тәртіп» » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Заң және тәртіп»
16
ноябрь
2026

«Заң және тәртіп»

 « «Заң және тәртіп»
«Заң және тәртіп» қағидасы аясында рейдтік іс-шаралар жүргізілді А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында «Заң және тәртіп» қағидасы аясында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Рейд жұмыстарына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е. Нұрметов, мектеп инспекторы М. Саятов және мобильді топ мүшелері қатысты. Іс-шара барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің, ойын-сауық орындарында болуының алдын алу, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар қараусыз қалған қауіпті нысандар мен ғимараттарды анықтау бағытында жұмыстар жүргізілді. Рейдтің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын сақтауға тәрбиелеу. Заңды сақтау – ортақ міндет, тәртіпті нығайту – баршамыздың жауапкершілігіміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив