1 қазан – Халықаралық қарттар » «Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназия» КММ
Шымкент қаласы Білім басқармасының
Ахмет Байтұрсынов атындағы
"№50 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 21-33-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 21-33-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қазан – Халықаралық қарттар
04
октябрь
2026

1 қазан – Халықаралық қарттар

 1 қазан – Халықаралық қарттар
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназияның ұстаздары мен оқушылары зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстаз Одаманова Жұпар Мұнсызбайқызының шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Ұстаздық жолда талай шәкірттің жүрегіне білім мен тәрбие нұрын сепкен ардагерге ақжарма тілектер айтылып, құрмет көрсетілді. Кездесу барысында өткен күндер еске алынып, жылы лебіздер мен ізгі тілектерге толы әсерлі сәттер орын алды. Ұстаздық – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын ұлы мұра. Бүгінгі жас буынның жетістігі мен мектептің абыройында ардагер ұстаздардың өлшеусіз еңбегі мен өнегесі бар. Ардагер ұстаздарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз! Еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұрпақтарыңыздың қызығына бөленіп, ортамызда аман-есен жүре беріңіздер!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив