04
октябрь
2026
School Doctor: Жас құтқарушы
School Doctor: Жас құтқарушы
«School Doctor: Жас құтқарушы» сайысы Жазғы мектеп лагерінде балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын дамыту мақсатында «School Doctor: Жас құтқарушы» атты танымдық сайыс ұйымдастырылды. Сайыс барысында оқушылар теориялық білімдерін көрсетіп қана қоймай, тәжірибелік тапсырмаларды да жоғары деңгейде орындады. Әсіресе, спорттық жарақаттар мен күн өткен жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек бойынша өздерінің шеберліктерін дәлелдеді. Шараға қатысқан медицина қызметкерлері оқушылардың дайындығы мен белсенділігін жоғары бағалады. Сайыс соңында барлық қатысушылар марапатталып, арнайы медбике қобдишалары табысталды. Бұл шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың жауапкершілік сезімін арттырып, өмірлік маңызды дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік берді.