04
октябрь
2026
Өзіңнен баста!
Өзіңнен баста!
5 маусым – Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық күніне орай А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының жазғы лагерь тәрбиеленушілері арасында «Өзіңнен баста!» экологиялық челленджі ұйымдастырылды. Челлендждің мақсаты – балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер табиғатты таза ұстаудың маңыздылығы туралы ой бөлісіп, айналаны таза ұстауға, ағаштарды күтіп-баптауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі бастамаларға белсенді қатысты. Табиғатты қорғау – әр адамның азаматтық борышы. Таза қоршаған орта өзімізден басталады! #адалазаматбіртұтастәрбие